«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған
Жомарт кенішінде қаза тапқан жеті кеншінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жақында авариялық-құтқару топтары қираған тау-кен үйінділерінің астынан 7 кеншінің денесін шығарды:
Қаза болғандардың тізімі:
1. Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
2. Жақыбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
3. Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жер асты тау-кен жұмысшысы:
4. Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
5. Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі,
6. Нұрулдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жер асты учаскесінің энергетигі,
7. Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен қазу жабдықтарының электр слесарь-монтажшысы.
«Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 есесін, сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 2 млн теңгеден астам қаржы төлейді.
Оқиғаға байланысты үкіметтік комиссия құрылды, оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Ұлытау облысы ТЖД жұмыскерлердің тізімін жариялады.
«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған.
«Жомарт» кенішінде көз жұмған жеті жұмысшының да денесі табылды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшылардың денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.