Олар куәлік алғысы келген әр адамнан 200 мың теңгеден алған
Таразда жүргізуші куәлігін саудалаған қылмыстық топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жеті адамнан тұратын топ куәлік алғысы келетін 20-дан аса адаммен келісімге келген. Сөйтіп әрқайсынан 200 мың теңгеден алған. Ал олардың ақшасын арада жүрген 4 делдал жиып берген. Қылмысқа барғандардың екеуі – халыққа қызмет көрсету орталығында 10 жыл жұмыс істеген мамандар. Олар түскен қаржыны өзара бөлісіп отырған. Кінәсі дәлелденген 7 адам шартты түрде 3 жарымнан 4 жарым жылға дейін сотталды.
«ҚК 190 бабы, 3-бөлігінің 4-тармағынас сай, бірнеше рет алаяқтық қылмыс бойыншаіс қозғалды. Жетіуі де бұрын сотталмаған. Негізі заңсыз жүргізуші куәлігін жасау дерегі осынған дейін анықталмаған. 2022-2023 жылдан бастап бірінші дерек тіркелген», – деді қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрсұлтан Әбішев.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында экс-депутат жалған құжат рәсімдеп, 474 млн теңге алған