Алматы облысында экс-депутат жалған құжат рәсімдеп, 474 млн теңге алған

Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай аудандық мәслихатының экс-депутатына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дерекке қарағанда, күдікті мемлекеттен субсидия алу мақсатында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына "Награда" түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттарды ұсынған. Сомасы 947 млн теңгені құрады.

"Кірістерді заңдастыру мақсатында күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттарды қамтитын көп деңгейлі схеманы әзірлеген, бірақ іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған. Сонымен қатар ұрланған қаражатты заңды айналымға тарту мақсатында ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге кіріс алған", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан

 Қылмыстық табысқа Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және Toyota Highlander автокөлігін сатып алған.

"Аталған мүлікке, сондай-ақ 50 млн теңге ақша және 91 млн теңге құны бар бағалы қағаздарға тыйым салынды.Мемлекеттен ұрланған 170 млн теңгені күдікті Қонаев қаласындағы казиноға құртқаны белгілі болды", - деп толықтырды тексеруші органнан.

Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазған компания директоры сотталды

Новости партнеров