Елімізде үш айда 3,7 млн-нан астам құқықбұзушылық анықталған

Оның 3 млн-нан астамы - жол жүрісі ережелерін бұзу фактілері

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Құқықбұзушылықтардың алдын алу жылы деп жариялаған болатын. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жыл басынан бері 3,7 млн-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтапты. Оның 3 миллионнан астамы - жол жүрісі ережелерін бұзу фактілері. Тәртіпке бағынбағаны үшін полиция қызметкерлері 5 417 мас жүргізушіні ұстаған. "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту бойынша тағы қандай шаралар орындалып жатыр? Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек Аlmaty TV эфирінде айтып беруге дайын.

- Шұғыла ханым, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қандай істер қолға алынды?  

- ІІМ азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушық шараларды жүйелі түрде қабылдайды. Сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді.

Заманауи цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану, азаматтардың, оның ішінде жастардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарында кадрлық әлеуетті арттыру қылмыспен құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарды. Жалпы министрлікте жарияланған құқықбұзушылықтардың алдын алу жылы аясында профилактикикалық жұмыстарға тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олармен түсіндірме шараларын жүргізуге, қылмыспен құқықбұзушылықтардың жасалу себебін жоюға баса назар аударылады.

- Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қорғау үшін қандай қадамдар жасалды? Сол туралы кеңірек айтып берсеңіз.

- Заңнамалық өзгерістер бұл бағыттағы қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге, әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсізідігін қорғауға оң ықпал етті. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы заң қабылданған болатын, яғни тұрмыстық қатынастар бойынша арыз беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырылды. Бұл құқықбұзушылықтарды ерте кезеңде әшкерелеп тоқтатуға мүмкіндік берді.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипатта тиісу және өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыс болып саналады. Ішкі істер органдары құрылымында әйелдермен балаларды қорғауға бағытталған арнайы бөлімшелер жұмысын бастады. Сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою бойынша дағдарыс орталықтарымен өзара іс қимыл жолға қойылған.

Одан бөлек, мектеп оқушыларымен студенттер арасында заңсыз әрекеттер анықтау және алдын-алу жұмыстарына ерекше назар аударылады. Әрбір білім беру мекемесіне жауапты полиция қызметкері бекітілген. Оқушылардың арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша әртүрлі тақырыпта профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Елімізде мал ұрлығымен айналысқан 26 қылмыстық топтың жолы кесілді

Новости партнеров