Жылыту маусымына дайындық: 3 қазандық пен 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталды

16.04.2025 18:31

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді

Энергетика министрлігі келесі жылыту маусымына дайындықты бастады. Қазірдің өзінде 4 турбина, 13 қазандық пен 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол еліміздегі жылу электр орталықтарын жөндеу кестесі де бекітілгенін жеткізді. Биыл Топар электр стансасында 130 МВт-тық турбина іске қосылады. Ал Текелі қаласындағы энергостансада жаңа қуаттар енгізіледі деп жоспарланып отыр.

 «Алдымыздағы 5 жылда 2.7 трлн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Ол 77 мың км электр желілерімен, оның ішінде қосымша қосалқы станцияның бәрін жөндеу керек. Жылу желілерінің 1 трлн теңгеден артық ақша бөлініп, 1622 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға қай елдерден тауар көбірек импортталады