Үй-жайды тиісті бақылаусыз және заңды тексерусіз сатып алғандар алаяқтардың құрбанына айналады
Алматыда жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтыққа қатысты жайттар жиі болып жатқаны байқалады. Әсіресе бастапқы нұсқадағы объектілер – құрылысы аяқталмаған жеке үйлер, кеңселік коммерциялық үй-жайлар, яғни құрылысы аяқталмаған немесе тұруға дайын емес үйлер ерекше назар аудартып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласының прокуратурасы мәлім еткендей, қаскүнемдердің алаяқтық әрекеттерінің салдарынан кейде ондай объектілерді объектінің иесі атынан бөгде біреулердің сатып жіберген анықталып жатады.
Алаяқтық процесі көбінесе келесідей көрінеді: алаяқтар соғылып бітпеген немесе құрылысы аяқталмаған жылжымайтын мүлікті пайдаланады, құжаттарды бұрмалап, өздерін нақты иелері ретінде таныстырады. Бірақ сатып алушы үйдің немесе пәтердің жай-күйін мұқият тексеріп алу мүмкіндігінсіз, жаңылыстырып, объектіні жоғары немесе төмен бағамен сатып алуы мүмкін.
«Мысалы, алдын ала сөз байласу арқылы өздерін Алматының элиталық ауданында салынып бітпеген жекеменшік үйдің қожайынының туысқандары ретінде таныстырып, жылжымайтын мүлікті сату кезінде мүдделерді білдіру құқығына нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынған адамдар тобына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр. Сондай-ақ қаскүнемдер клиенттерге үй иесі егде жастағы адам және ол ТТЖ шетелде тұратынын айтқан”, - делінген прокуратура хабарламасында.
Мұндай қылмыстардың себептерінің бірі – Алматыда жекеменшік секторлардың белсенді салынуы және нарықта сату кезінде иесіз қалатын көптеген нысанның болуы. Тиісті бақылаусыз және тиісті заңды тексерусіз сатып алушылар алаяқтардың құрбаны бола алады.
Жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде алаяқтықты қалай болдырмауға болады?
Оқи отырыңыз: Енді ұшақтағы орын санынан көп билет сатқан компанияға айыппұл салынады