10-11 сәуірде қар көшкіні түседі, тауға бармаңыздар: ТЖМ ескерту жасады

10.04.2025 15:53

Бұл тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті

Victor Glutsenko

 «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 10-11 сәуірде республиканың таулы аудандарында (2000-нан астам метр биіктікте)  жылымық әсерінен қар жамылғысының босап, тұрақсыз болуына байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігі осы кезеңде тауға және қар көшкінін тудырмау үшін таудың қарлы беткейлеріне барудан бас тартуға кеңес берді.

Көктем – қар көшкіні аса қауіпті кезең. Наурыздан сәуірге дейінгі аралықта, әсіресе Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде қар көшкіні жиі түседі. Температураның өзгеруі, қалың қар мен боран қауіпті тек арттырады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы жоталарының беткейлері – аса көшкін қауіпті аудандар.

Қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 87 262 текше метр болатын 39 көшкіннің өздігінен түсуі тіркелді. Халықтың, туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкінінің 103 профилактикалық түсуі жүргізілді, түскен қардың жалпы көлемі 180 157 текше метр болды. Бұл тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті.

"Қар көшкінінің астында қалмас үшін таудағы қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау маңызды – бұл өмірді сақтап қалуы мүмкін. Қайғылы жағдайды болдырмау үшін ауа райы болжамын мұқият қадағалаңыз. Дайын емес беткейлер мен маршруттардан аулақ болыңыз, тек таңбаланған соқпақтармен жүріңіз.Дауылды ескерту жариялаған кезде тауға шықпаңыз. Осы қарапайым ережелерді сақтау сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", - делінген хабарламада.

 Оқи отырыңыз: Алматыда 7-13 сәуір аралығында ауа райы қандай болады