Жаңбыр жауып, жел тұрады: 6 шілдеге арналған ауа райы болжамы

1gai.ru
1gai.ru
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ұлытау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, белсенді Оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігіне ықпал етеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, солтүстікте, орталықта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ұлытау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облыстарының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Новости партнеров