Оның фотосуреттері ең көп талқыланатын тақырыпқа айналған
Бангкокте ресейлік фотосуретші кездейсоқ суретке түсіріп алған 28 жастағы келіншек көп ұзамай әйгілі брендтермен жұмыс істейтін бірнеше модельдік агенттікпен келісімшартқа отырған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Екі баласы бар жалғызбасты ана Ноппажит «Мин» Сомбунсатты Бангкок көшелерін сыпырып жүрген жерінен ресейлік фотограф Семен Резчиков байқап қалады. Келіншектің көз тартартабиғи сұлулығына тәнті болған фотсуретші оны алыстан суретке түсіріп алады да, өзіне апарып көрсетеді. Сондай-ақ оқиғаның бәрін видеоға түсіріп алған блогер-фотосуретші артынша оны TikTok-қа жариялаған сәтте, бірден жұрт назарына ілігеді.
"Көше сыпырушы келіншектің әдемілігіне сүйсінген жұрт ол туралы көбірек білгісі келеді. Көп ұзамай келіншекке БАҚ өкілдері мен модельдік агенттіктер хабарласа бастайды", - деп жазады «Focus» басылымы.
Таиландтық БАҚ-қа берген бірнеше сұхбатында Ноппажит Сомбунсате бір жылдан бері тазалықшы болып жұмыс істейтінін және өз жұмысына өте разы екенін айтқан. Ол жұртшылықтың кенеттен өзіне қызығушылық танытқанына таңғалып, фотосуретшімен кездесудің өміріндегі үлкен өзгеріске себеп болғанына өзі қайран қалып жүргенін айтқан.
Осылайша, күтпеген жерден жұрт қошеметіне бөленген Минді әйгілі тай визажисті Чатчай Пинфапичарт бояндырған соң, оның фотосуреттері елдегі ең көп талқыланатын тақырыпқа айналып шыға келген.
Сонымен қатар танымал брендтер мен маркетинг агенттіктері бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныстар тастаған соң Мин енді көше сыпыратын жұмысына уақыты қалмайтынын мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: Түркияда атыс болып, бес адам қаза тапты