Павлодар облысында көлік аударылып, жолаушы қаза тапты

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі
Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 5 сәуірде Chevrolet Cobalt маркалы автокөлік жүргізушісі Қызылорда – Павлодар автожолының 1153-шақырымында, алдын ала мәлімет бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рөлді басқара алмай, көлік құралының жол жиегіне аударылып кетуіне себеп болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Сонымен қатар Павлодар облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Абай облысында өзен суы көтеріліп, ауыл тұрғындары көшірілді

Новости партнеров