АҚШ-та жойқын торнадо салдарынан 16 адам қаза тапты

Jason Davis/Getty Images
Jason Davis/Getty Images

Тұрғындар шұғыл эвакуацияланып, жолдар жабылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың орталық бөлігінде қатты дауыл соғып, жойқын торнадо мен су тасқыны 16 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы CNN телеарнасы елдің төтенше жағдайлар қызметі мен Ұлттық метереологиялық қызмет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Дауылды болжау орталығының мәліметі бойынша, Огайо алқабынан Техастың оңтүстік-шығысына дейін 41 миллион адам қауіпті аумақта тұр. Арканзас, Миссури, Теннесси және Миссисипи штаттарында су тасқынының ең жоғарғы, 4-деңгейдегі ескертуі жарияланды.

Индиана штатындағы Хендрикс округінің шериф кеңсесі 27 жастағы ер адамның дауыл кезінде көлігіне құлаған электр сымдарын алып тасиамақ болған кезде тоқ соғып қаза тапқанын хабарлады.

Associated Press жазуынша, жауын-шашын салдарынан тұрғындар шұғыл эвакуацияланып, жолдар жабылды. Тек сенбі күні 6 мыңнан астам рейс кешігіп, электр қуаты жаппай сөніп қалған.

Кей ауданда дауыл салдарынан бүтін аудандар су астында қалған. Үйлерді шатырына дейін су басып қалған немесе толығымен су шайып кеткен. Огайо өзені кей тұста 24 сағат ішінде бес футқа дейін көтеріліп кеткен. Су тасқыны бірнеше күнге созылады деп болжам жасалып жатыр.

Метеорологтар үш күндік нөсерді «дауыл маусымынан тыс бұрын-соңды болмаған құбылыс» деп атады.

Оқи отырыңыз: Трамп күтпеген толқу: АҚШ-та жаппай наразылық акциясы өтіп жатыр

Новости партнеров