Жамбыл облысында экс-полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде маньяк деп айдар тағылып, халықты дүрліктірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 31 наурызда таңертең басталған. Аптаның басында Тараздағы саябақтардың бірінде серуендеп жүрген әйел аяусыз өлтірілген адамның денесін тапқан. Адам танымастай зақымдалған мәйіттің иесі бұрын полицияда істеген болып шықты.

«Осыдан кейін жергілікті пабликтерде басқа да азаптап өлтірілген адамдардың денелері бейнеленген видеолар тарап, құрбандығын балға мен балтаның көмегімен өлтіретін қанқұйлы адамның пайда болғаны туралы қауесет тараған еді. Ақыры полиция жөн-жосықсыз тарап жатқан мәліметтерді теріске шығарып, ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болған», - делінген хабарламада.

Бүкіл облысты дүрліктірген күдікті оқиғадан бір күн өткенде қолға түскені хабарланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамаулы, тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та жойқын торнадо салдарынан 16 адам қаза тапты

Новости партнеров