«Қазгидромет» 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде тұман кутіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде таңертең және түнде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл түрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 17-22 м/с күтіледі.
Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, орталығында, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласы күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың солтүстік бөлігінде 15-20 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі деп күтілуде.
Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.