Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады
Қазгидромет 25-27 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжанып отыр.
Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерінде болады. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Батыста +25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45°С.