Бұл Дычконың кәсіпқой рингтегі 12-ші және төрешілер шешімімен алғашқы жеңісі
Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (12-0, 11КО) биыл алғаш рет Аргентинада жергілікті боксшы Кевин Эспиндолаға (7-4, 2КО) қарсы жекпе-жек өткізді. Дычко әдетте жекпе-жекті ерте аяқтайтын, алайда бұл жолы нокаут болмады.
Он раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс қазақстандыққа берілді. Бұл Дычконың кәсіпқой рингтегі 12-ші және төрешілер шешімімен алғашқы жеңісі.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда Иван Дычко бірінші раундта ресейлік Александр Устиновты техникалық нокаутпен жеңген болатын.