Мереке күндері қар жауып, аяз болады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Солтүстік циклон 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Солтүстік циклон 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады.

Оның ықпалымен бірінші кезекте елдің солтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ал елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа райы сақталады.

23 қазанда циклон шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа райы тұрақсыз сипат алады.

23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Ауа температурасы:

батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 2-12 жылы;

солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылыдан 2 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;

республиканың орталығында түнде 2-10 жылыдан 0-8 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 3 аяз – 5 жылыға дейін төмендейді;

еліміздің шығысында түнде 3 аяз - 5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;

оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяздан 0-5 жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін, күндіз 20-25 жылы, таулы аудандарда 12-17 жылыдан 5-13 жылы, таулы аудандарда 2 аяз-5 жылыға дейін күрт төмендейді.

Новости партнеров