Алматы зообағында пілдердің тырнағына күтім жасалды. Бұл туралы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әр тоқсан сайын, кейде екі айда бір рет алып пілдердің үлкен тырнақтарын кесіп, егеп, тазаланады. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, ануарлар да өзіне сай көркімен жүргенді ұнатады.
«Бұл – пілдердің ыңғайлы жүріп-тұруы үшін, табандары мен саусақтарын жарақаттанудан сақтау үшін қажетті шара. Жабайы табиғатта пілдер аяқтарын суға салып, тырнақтарын тасқа немесе қатты жерге егеп, қысқартады», – делінген парақшадағы жазбада.
Зообақ жағдайында бұл шараны жануарларды күтуші киперлер жасайды.