Күн суытып, үсік жүреді: синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv

2 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде ауа температурасы 3 градус аязға дейін төмендейді. Оралда түнде топырақ бетінде 3 градус шамасында үсік жүруі мүмкін.

Ертең Ақмола облысының солтүстік жартысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 23 метр болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік жартысыңда жел солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 метр күтіледі. Павлодар қаласында күндіз 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

2 мамырда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда секундына 15-20 метр Шымкент қаласында 2 мамырда күннің соңында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан қаласында 2 мамырда күннің екінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

2 мамырда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

2 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында секундына 15-20 метр, екпіні 23 метр соғады. Өскеменде 

2 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан күндіз екпіні секундына 15-18 метр күтіледі. Семей қаласында 2 мамырда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

2 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Қостанайда күндіз 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

2 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Петропавл қаласында 2 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20, екпіні 25 метр күтіледі.

2 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 метр күтіледі. Ақтауда 1 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Новости партнеров