Қазақстанда қашан қалың қар жауады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Қар жауып, бұрқасынды жел күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыстың сықырлаған аязын жақсы көретіндер аппақ қарды асыға күтіп жүргені анық. Алайда синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қар жамылғысы желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында, ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында қар түседі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мамандар бақылауынша, Астана қаласында қардың кеш түсуі 1967 жылғы 15 желтоқсанда осыдан 56 жыл бұрын және 2008 жылғы 14 желтоқсанда 15 жыл бұрын тіркелді.

Тарихи деректерге сүйенсек елордада қар жамылғысының ерте жайғасуы – 10 қазан, орташа жайғасуы – 10 қараша, ал кеш жайғасуы -15 желтоқсан. Соңғы үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында тұрақты қар жамылғысы тіркеліп, орташа биіктігі 8-13 см құрады.

Желтоқсанның басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, соңы қарға ұласады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ сыңды табиғи құбылыстар болады. 

Ал еліміздің солтүстік өңірлерде ұйытқыған жел мен жаяу бұрқасынның соғуы болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында оңтүстік аймақтарды қоспағанда, елдің басым бөлігінде аязды ауа райы болады. Қар жауып, бұрқасынды жел күшейеді, термометрлердің көрсеткіші түнгі уақытта -10-20°С-қа, күндіз-3-10°С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Желтоқсан айының қай күндері магнит дауылы болады

Новости партнеров