Синоптиктер еліміздің 15 аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың болжамынша, республиканың батысы мен солтүстігінде 33 градусқа дейін аяз болып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Ал Қызылорда, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкентте тұман түсіп, көктайғақ болса, орталық өңірлерде бұрқасын болады.
– Алматыда алдағы 2 күнде ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бірақ аптаның 2-жартысынан бастап ауа температурасы күрт төмендейді. Сондай-ақ тұман болып, қар жаууы мүкін, – деді «Қазгидромет» РМК метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кесебаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда 4-10 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады