Таулы аудандарында тұман түседі
Синоптиктер 23 қаңтарда Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қалың қар түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан асады. Талдықорғанда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауып, тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Шымкентте түннің бірінші жартысында қар жауып, тұман түседі.
Абай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде де қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, түнде таулы аудандарында қалың қар түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Кей уақыттарда тұман болады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 23 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын жүреді.
Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде облыстың шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде қар бұрқасындатып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында түнде де, күндіз де қар жауады. Жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда түнде де, күндіз де аздап қар жауады. Жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Қызылорда облысының шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын жүреді, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қонаевта кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 20-26 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады