5 облыста республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелді

11.03.2025 08:33

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 арнайы техника мен 1770 маман жұмылдырылды

Bailey Zindel/unsplash.com/

2025 жылғы 11 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысы:

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).

Қарағанды облысы:

- «Астана-Караганда-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы).

Қостанай облысы:

- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).

Ұлытау облысы:

- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 арнайы техника мен 1770 маман жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 8 облыста жол жабылды