Жолды 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған
"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2025 жылғы 16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
Жолды 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді.
16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Шымкентте үйсіз-күйсіз жүргендердің атына миллиондап несие рәсімдеген топ анықталды