Екі күнде қар құрсауынан 300-ден астам адам құтқарылды

ТЖМ
ТЖМ

ТЖМ әскери қызметшілері ауыр жүк көліктеріне көмекке келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен екі тәулік ішінде ауа райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 318 адам, оның ішінде 62 бала құтқарып, эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 38 автомашинаны қар құрсауынан шығарды. 142 рет авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. 

Ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына тап болған 13 адам эвакуацияланды

8 наурызда Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Алматы-Ташкент-Термез» трассасының жабық учаскесінде техникалық ақаулық себебімени тұрып қалған жол талғамайтын автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 1 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады. Ал Ақтөбе облысы Баганин ауданы Көкбұлақ ауылынан 15 км қашықтықта қар үйіндісінде қалған жеңіл автокөліктен ТЖМ құтқарушылары 5 адамды жақын елді мекенге эвакуациялады. Оған қоса, Алматы облысы Кеген ауданы Жалаулы ауылының маңында қарға көміліп қалған жеңіл автокөліктен 1 адамды эвакуациялап құтқарды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ әскери қызметшілері ауыр жүк көліктеріне көмекке келді

8 наурызда Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Дон-Бадамша» автожолында жүк көліктері қар құрсауында қалды. ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қар құрсауынан 5 жүк көлігін шығарды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

Оқи отырыңыз:Жолаушылары бар бес автобус жолда тұрып қалды 

Новости партнеров