Елімізде 40 градусқа дейін аяз болады

22.01.2025 13:44

Синоптиктер арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына енгенін айтты

Натали Хмельницкая/unsplash.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі. 23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсерін сақтап қалады, бұл аймақтарда қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтілуде.

«Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжанып отыр. Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз. Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейетін қатты аяз күтіледі. Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус аяз шамасында сақталады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында 1200-ден астам көлік кептелісте қалды