Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жасалды

07.04.2025 21:08

Жел соғып, тұман түседі

Filip Lukic/unsplash.com/

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялап, жаңбыр құйып, найзағай ойнайтынын ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

7 сәуірде түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қаласында түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с баруы ықтимал.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман басуы мүмкін.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр құяды. Түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с жетеді. Қызылорда қаласында түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

7 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде жаңбыр құяды. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Орал қаласында түнде найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр құяды. Түнде облыс көлемінде найзағай, күннің бірінші жартысында облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Шымкент қаласында түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с жетеді. Түркістан қаласында түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с барады.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, орталығында кей уақытта жаңбыр құйып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр құяды, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта жаңбыр құйып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта жылдамдығы 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысын, солтүстігін, оңтүтігін тұман басады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 7-13 сәуір аралығында ауа райы қандай болады