Ауа райының тосын мінезінен республикалық маңызы бар жолдарда үш апат тіркелген
Кеше Қарағанды облысында ауа райы күрт нашарлап, тас жолдарда қозғалыс тоқтады. Боран салдарынан 1340 көлік жолда кептеліп, 1892 адам түні бойы далада қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың арасында 40 бала бар. Құтқарушылар қиын жағдайға тап болған 24 жолаушыны жылыту бекеттеріне жеткізіпті. Ауа райының тосын мінезінен республикалық маңызы бар жолдарда үш апат тіркелген.
Айта кетейік, өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескертудің әлі де күшінде екенін хабарлайды. Мамандар боранның арты көктайғаққа ұласатынын айтып, жүргізушілерді қауіпсіздікті қатаң сақтауға және алыс жолға шықпауға шақырды.
«Қарағанды облысының аумағында алдағы күндерде де дауылды ескерту әлі де жалғасуда. Нақты айтатын болсақ, әлі күнге дейін қар, жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Боран екіпіні 15-20 сек/метр жел күтілуде. Өкінішке қарай, жолдарда қалып қою әлі күнге дейін жалғасуда, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің маманы Әлішер Аманбеков7
Оқи отырыңыз: Пышақпен қорқытты: әуе қауіпсіздігінің қызметкерімен психологтар жұмыс істеп жатыр