Қатты аязға байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Christin Hume/unsplash.com/
Christin Hume/unsplash.com/

Бұқар Жырау ауданында барлық оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар 10 желтоқсанда қатты аязға байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Саран және Абай аудандарында бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Бұқар Жырау ауданында барлық оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды. Қарқаралы және Нұра аудандарында, Балқашта 0-7 және 8-cынып оқушылары үйден оқиды.

Риддерде 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4-сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.

Алтай ауданында ауа райына байланысты 0-4-сыныптар үшін мына мектептер қашықтан оқуға көшеді.

"Новокрестьянская НШ" КММ, "Начальная школа им. Харина" КММ, "Крестовская НШ" КММ, "Путинцевская СШ" КММ, "Соловьевская СШ" КММ, "Чапаевская СШ" КММ, "Бикетов атындағы орта мектеп" КММ.

Самара ауданында ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Ақкөл ауылының мектеп-балабақшасында сабақтар қашықтан өткізіледі.

Оқи отырыңыз: Ірі көлемде есірткі сатқандар ұсталды

Новости партнеров