Қазақстанның екі облысында жол жабылды

MAKSIM ZAVIKTORIN/unsplash.com/
MAKSIM ZAVIKTORIN/unsplash.com/

Жолды 2025 жылғы 6 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 6 ақпан сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақтөбе облысы:

  • "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

  • "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 6 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында құтқарушылар екі автокөлікті қар құрсауынан алып шықты

Новости партнеров