Республика бойынша жел күшейіп, елдің батысында, шығысында тұман түседі
Синоптиктер 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген хабарламада.
Тек республиканың батысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша жел күшейіп, елдің батысында, шығысында тұман түсіп, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, солтүстігінде бұршақ жауады.
Түнде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысында 3 градус аяз болуы мүмкін.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +15...+17°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +10...+12°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +24...+26°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +24...+26°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +17...+19°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C.
Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +7...+9°C.
Қызылордада күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +26...+28°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +9…+11°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +25...+27°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +28...+30°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +27...+29°C.
Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +32...+34°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +10...+12°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +24...+26°C.
Оқи отырыңыз: Алматыда 14-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болады