Кей өңірде жауын-шашын болады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

09.03.2025 09:42

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді

Toa Heftiba / Unsplash

Синоптиктер 9 наурыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазақстанда ауа райы әлі де солтүстік-батыс циклонын айқындайтындықтан, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, елдің оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын болжанады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын  болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыс 30 м/с жел күшейеді.

Астанада құбылмалы бұлтты, өткінші қар жауады, көктайғақ болады, тұман түседі, 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -8...-10°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +10...+12°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +8...+10°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7...-9, күндіз -1...-3°С.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +4...+6°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 10-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз -2...-4°C.

Қарағандыда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз -3...-5°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -8...-10°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады, жел 9-14, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +4…+6°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -5...7°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C.

Павлодарда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -6...-8°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -24...-26°C, күндіз -10...-12°C.

Семейде күн бұлтты, жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C.

Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +10...+12°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз 0...+2°C.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +1...+3°C.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 наурыз аралығында ауа райы қандай болады