Синоптиктер Қазақстанда үсік жүретінін ескертті

24.04.2025 21:04

Республиканың басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады

Elisa Stone/unsplash.com/

Синоптиктер 24, 25 және 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республиканың басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады. Бұл аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде елдің солтүстігі мен шығысында 1-3 градус үсік болжанады.

"Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы қалыптасады – жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста құмды дауыл, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі", – делінген хабарламада.

  • 24 сәуір түнінде Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүреді – ауа температура 1-3 градусқа дейін төмендеуі ықтимал;
  • 24-25 сәуір аралығында Павлодар облысында күн салқындайды;
  • 25 сәуірде Қарағанды облысында күн суытады деп болжанған;
  • 25-26 сәуір түнінде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 1-6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін

Оқи отырыңыз:  Алматыда 21-27 сәуір аралығында ауа райы қандай болады