Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі
Республиканың басым бөлігінде қар, кей аумақтарда қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі. Тек Қазақстан Республикасының батысы мен оңтүстік-батысында қарсыз ауа райы сақталады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, бұрқасын жүреді. Тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында ауа райы қандай болады