Тұман, жел, көктайғақ: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

23.02.2025 09:37

Кей өңірлерде қар жауады

Аlmaty.tv

Синоптиктер 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Циклондар легі мен фронтальды ағынға байланысты елімізде қар, батыс өңірлерде қатты қар, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман, жел, республиканың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, қар жауады, бұрқасын, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -2...-4°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +10...+12°C болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +16...+18°C болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, түнде облысытың оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.  

Батыс Қазақстан облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.  

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді.  

Қарағанды облысының батысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с жетеді.  

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ болады.  

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.  

Оқи отырыңыз: Алматыда 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында ауа райы қандай болады