Жеңіл көліктер жолдың тазартылған бөлігіне сүйретілді
ТЖМ Ұлытау облысында құтқарушылар екі автокөлікті қар құрсауынан алып шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дерекке қарағанда, бүгін Ұлытау облысының 112 қызметіне адамдар отырған екі автокөлік қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай қалғаны туралы хабарлама түскен.
"Құтқарушылар Жезқазған қаласынан 15 шақырым жерге дереу жолға шықты. Жеңіл көліктер жолдың тазартылған бөлігіне сүйретілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады", - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.
ТЖМ ауа райының қолайсыздығында тек үлкен жолдар мен тасжолдармен жүру керек екенін еске салады.
Оқи отырыңыз: Тұман, жел: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы