Сайлауға шетелден 1700-ге жуық байқаушы келмек

Forbes.kz
Forbes.kz
Заңнамаға сәйкес байқаушыларды аккредиттеу Орталық сайлау комиссиясының арнайы қаулысы қабылданғаннан кейін бірден басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға шетелдік байқаушыларды аккредиттеу басталды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңнамаға сәйкес байқаушыларды аккредиттеу Орталық сайлау комиссиясының  арнайы қаулысы қабылданғаннан кейін бірден басталады. Бүгін аккредиттеу жұмысын бастауға болады. Шетелдік байқаушыларды аккредиттеу еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша жүзеге асырылады», - деді ОСК мүшесі.

Оның айтуынша, кезектен тыс президенттік сайлауға ЕҚЫҰ, ДИАҚБ, Парламенттік ассамблеясы, Еуропалық кеңес, ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ТүркПА миссияларынан байқаушылар келетіндігі күтіледі.

«Өз миссиясын ұйымдастыратын барлық халықаралық ұйымға шақыру жіберіледі. Шетмемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қанша байқаушы  болатындығын дәл қазір нақты айта алмаймыз. Өткен сайлаулардағы мәліметтерге сүйеніп шамалап айтуға болады. 2015 жылғы президенттік сайлауға 1024 байқаушы келді. Бұл жолы 1 мыңнан астам, ары кеткенде 1600-1700 байқаушы болады деп күтеміз. Өздеріңіз де білесіздер, бұл жылғы ахуал стандарттан тыс, сайлауға қызығушылық әлдеқайда жоғары болуы мүмкін», - деді Зәуреш Баймолдина.  


Новости партнеров