Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын», – делінген хабарламада.

Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Отбасылы, екі ұлы және қызы бар.

1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін бітірді. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты.

1974-1975 жылдары – Талғар қаласы Талғар ауыл шаруашылығы техникумының студенті;

1975-1977 жылдары – Кеңес Әскерінің қатарында қызмет етті;

1978 жылы – Алматы облысы бойынша Каменка ауылында ҚЖМК слесарі;

1980-1984 жылдары – Алматы облыстық ІІБ ЕТК-71 жедел бөлімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы;

1984-1988 жылдары – Қаскелең аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі;

1988-1989 жылдары – Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы;

1989-1991 жылдары – Алматы облысының Балқаш АІІБ бастығы;

1991-1993 жылдары – Мәскеу қаласы КСРО және РФ ІІМ академиясынның тындаушысы;

1994-1995 жылдары – Алматы облысының Қаскелең аудандық ІІБ бастығы;

1995-1997 жылдары – Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы;

1997-2000 жылдары – жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары;

2000-2003 жылдары – Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы.

2003-2008 жылдары – Қазақстан Республикасның ішкі істер вице-министрі.

2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;

2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.



Новости партнеров