Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің заңнамаға сәйкес, Үкімет отставкаға кетуі тиіс

Zakon.kz
Zakon.kz
Бұл туралы Президент ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет отставкаға кетуі керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сілтеме жасап.

«Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Сайлау аяқталғаннан кейін мен депутаттардың жаңа құрамы алдында фракция жетекшілерімен кеңесіп, премьер-министрдің, үкімет мүшелерінің де кандидатуралары бойынша кеңесу үшін Парламентке барамын», – деді ол.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы алдында сөз алып, үндеу жасайтынын айтқан болатын.

Новости партнеров