Қазақстанның екі мемлекеттегі елшілері қызметінен босатылды

dalanews.kz
dalanews.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абзал Сапарбекұлы мен Ақылбек Камалдинов елші қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Новости партнеров