Алматыда әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел штаб құрылды

Алматыда әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел штаб құрылды
Апта ішінде қала әкімі басқаратын штаб дағдарысқа қарсы жұмыс жоспарын әзірлейтін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.


Жаңадан құрылған штаб азық-түлік бағасын өсірмеу, жұмыс орнын сақтап қалу, қалалықтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы жоспарды әзірлейді және жүзеге асырады.

Әлемдік қаржылық-экономикалық нарықтағы қалыптасқан келеңсіздік Қазақстандағы әлдеуметтік-экономикалық жағдайға да кері әсерін тигізуде, сондықтан Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы шараларды қабылдайтын болады. Президенттің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің тікелей басшылығымен шұғыл әрекет ететін штаб құрылды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау мақсатында жедел штаб құрылды.

Апта ішінде қала әкімі басқаратын штаб дағдарысқа қарсы жұмыс жоспарын әзірлейтін болады. Басты назарда – әлеуметтік маңызы бар аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсету, жұмыс орнын құру әрі сақтап қалу, жалақыны дер кезінде төлеу, ШОБ және экономиканың нақты секторына қолдау көрсету.

Барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалатын болады. Абаттандыру, құрылысты жүргізу және жолдарды, инженерлік желілерді жөндеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жұмыс орындарын сақтап қалуға ықпал ететін болады. Бюджетті оңтайландыру мақсатында әлеуметтік емес, оның ішінде имидждік шығындар қысқарады.

Новости партнеров