Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

19.09.2019 23:37

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.  

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», – делінген құжатта. Еске сала кетсек, кеше Президент Қарағанды облысы әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбекті ұсынған болатын. Ал, Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған еді.