Бұл туралы Фараби Ермеков айтып берді
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің саммитінде Қазақстан мен Қытай 31 меморандумға отырды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мен су ресурсына қатысты 2 құжатқа қол қойылды. Аспан асты елімен біріге отырып жүзеге асыратын бастамалар қандай? Ауыл шаруашылығын цифрландыру қалай жүріп жатыр? Бұл жөнінде Almaty.tv студияcына келген Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры – Фараби Ермеков айтып берді.