Министрлер, облыс және қала әкімдері және олардың орынбасарлары қарамағындағы қызметкерлердің коррупциялық қылмыстары үшін қызметтен кетуі тиіс. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Заңның жаңа редакциясына сәйкес бірінші жетекші қол астындағы қызметкеріне қатысты соттың шешімі шыққан уақыттан немесе ақталмайтын негіздерге байланысты қылмыстық іс тоқтаған сәттен 10 күн өткенде отставкаға кетуі міндетті», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас БЕКТЕНОВ