Бүгін елімізде бірнеше әкім ауысып, бір министр тағайындалды

Бүгін елімізде бірнеше әкім ауысып, бір министр тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Президент жарлығымен елімізде біршама кадрлық ауыс-түйістер орын алды,  деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.

Ең алдымен, Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. 

Естеріңізде болса, ол осыған дейін Батыс Қазақстан облысын басқарған еді. Алтай Көлгінов әр түрлі жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында лауазымды қызмет атқарған. 

Ал оның орнын Ғали Есқалиев басты. Батыс Қазақстан облысы әкімі болып тағайындалғанға дейін ол әкімнің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ бұрын Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары болған.

Ал, бұдан былай еліміздің білім және ғылым саласына Асхат Аймағамбетов жауапты. Бас ұстаздыққа тағайындалған су жаңа министр Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысқан. Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған

Новости партнеров