Әрбір тұрғының үлкен жауапкершілігі: Аягүл Миразова кезектен тыс президент сайлауы жайында

05.10.2022 02:44
turkystan.kz

Елімізде 20 қарашадан кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Алматыдағы зиялы қауым өкілдері алдағы саяси науқан жайлы пікір білдіріп, ойын ортаға салды.

Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова «сайлауға қатысу – мемлекетіміздегі әрбір тұрғының үлкен жауапкершілігі» деп санайды.

«Елімізде үлкен науқан басталғалы жатыр. Ол – сайлау. Сайлауға қатысу –мемлекетіміздегі әрбір тұрғының үлкен жауапкершілігі. Қазір көптеген реформа іске асып жатыр. Ол өз дәрежесінде іске асу үшін әрине бірлік керек. Соған әрбіріміз өз үлесімізді қосуымыз керек. Қазақта айтады «дау көп жерде, жау көп» дейді. Мына әлемде болып жатқан жағдай біздің елімізді бей-жай қалдыра қоймайды. Әрине, ол бәрімізге әсер етеді. Сондықтан да осы қазіргі аумалы-төкпелі заманда алауыздықтан алшақ болып, бірлігімізді, тірлігімізді білдіріп, қолдау көрсетіп, мына жаңалықтарды іске асыруға, тек қана тыңдап қана қоймай, өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова.