Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

03.03.2022 03:11

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті», - делінген хабарламада.