Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

06.03.2025 18:18

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті», - делінген хабарламада.

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Президент Түркістан облысының әкіміне Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды