Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Албания президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі.

"Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ҰҚШҰ төрағалығын қырғыз еліне тапсырды

Новости партнеров