Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай

Алмалы ауданында күнделікті 200-ге жуық жұмысшы тазалық шаруаларына шығады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының коммуналдық қызметі қысқа қызу дайындық үстінде. Алмалы ауданында күнделікті 200-ге жуық жұмысшы тазалық шаруаларына шығады. Олар қураған жапырақтарды жинап, шаһардың әсем бейнесін сақтауға үлес қосып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алып шаһар Алматыда қала тазалығын қадағалау ісіне айрықша мән беріледі. Алмалы ауданының тұрғыны Асқар Қожанов – аулалар мен көшелердің мұнтаздай болуына атсалысып жүргендердің бірі. Ол табиғатты аялау әр тұрғынның міндеті екенін айтты. Сондықтан да өзі көршілерімен бірге жиі сенбіліктер ұйымдастырып, аула тазалығын басты назарда ұстайды.

"Көршілер тазалықты жақсы көреді. Өздері шығып, көшеттер отырғызып, сенбіліктер жиі өткізіп тұрады. Тазалықты сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз", – деді қала тұрғыны Асқар Қожанов.

"Тұрғындардың айналасына ұқыпты қарайтыны қуантады. Біздің жұмысымызға құрметпен қарап, қол ұшын созып тұрады. Қысқа дайындықты бастап кеттік Қиын болмас үшін алдымен жапырақтарды жинаймыз", – деді тазалық қызметкері Светлана Смурыгина.

Алмалы ауданында күн сайын 200-ге жуық тазалық қызметкері көшелерді, қоғамдық орындарды жинастыруға жұмылдырылады. Бүгінде мұнда кешенді жұмыстар қолға алынған.

"Аудан бойынша кешенді жұмыстар 6 жерге қойылды. Жаңа техникалармен қамтамасыз етіп жатырмыз", – деді "Алматы тазалық" МКК Алмалы аудандық басшысының орынбасары әсет Маматаев.

Айта кетейік, Алматыда биылдан бастап 6 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан өз аумағының тазалығына жауапты болуы үшін паспортталады. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жансая Олжабек, Жақсылық Тілепберген

Оқи отырыңыз: Алматыда абаттандыру ережелерін бұзушылармен қалай күресуде

Новости партнеров