Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

17.03.2025 16:13

Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрт салдарынан 59 адам қаза тапты

Ақорда

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.